Жамбыл облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына 6,2 млрд теңге бөлінді

ТАРАЗ. 11 қазан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына 6,2 млрд теңге қаржы бөлінді.
None
None

Облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту басқармасынан хабарлағандай, әр жыл сайын «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын қаржыландыру мөлшері артып келеді. 2012 жылы 2,4 млрд. теңге бөлінсе, 2013 жылы 6138 адамды қамтыған 6,2 млрд. теңге бөлінді.

«Осы жылдың алты айында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысу үшін жұмыспен қамту орталықтарына 3006 адам жүгінді», - деді басқарма бөлімінің жетекшісі Запира Медетова. - 2807 тілек білдірушімен әлеуметтік келісімдер жасалды, олардың арасында 1935 жұмыссыз бен 869 өзін-өзі жұмыспен қамтушы адам бар».

Ведомствоның берген мәлемметтері бойынша, жарты жылда жергілікті жұмыспен қамту органдарына ондаған мың адам барған, олардың жартысынан астамы жұмыспен қамтылды.

Жыл басынан бері Жамбыл облысының жұмыспен қамтушылары жергілікті атқарушы органдармен келісімшарт негізінде 688 әлеуметтік жұмыс орнын ашты. Бөлінген 103 миллион теңгенің 68 миллионнан астамы игерілді. 28 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту басқармасының мәліметі бойынша, жыл басынан бері 2701 тұрақты және 12866 мерзімді жұмыс орны ашылды. Төленетін қоғамдық жұмыстарға 2095 жұмыссыз тартылған. Әлеуметтік жұмыс орындарына 1020 адам жіберілді. «Жастар тәжірибесіне» 1430 жамбылдық қатысты. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,5-тен 5,3 пайызға дейін төмендеді, деп атап өтті ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар