Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жамбыл облысындағы инфрақұрылым проблемаларын шешуге «Жол картасы» көмектеседі

ТАРАЗ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Жол картасы» бағдарламасы аясында облыстық маңыздағы жолдарды және Тараз қаласының көшелерін жөндеуге 1,7 млрд. теңге бөлінді.

Жамбыл облысындағы инфрақұрылым проблемаларын шешуге «Жол картасы» көмектеседі

Жамбыл облысы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Т.Әбдіқазиевтің ақпараты бойынша, республикалық бюджеттен - 1,25 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 480,2 млн. теңге бөлінген.

Осы бағдарлама аясында бөлінген қаражаттың есебінен 27 жоба іске асырылуда, олардың ішінде облыстық маңыздағы автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша 16 жоба және Тараз көшелерін күрделі жөндеу бойынша 11 жоба іске асырылуда.

Жөнделетін учаскелердің жалпы ұзындығы 296 шақырымды құрайды.