17:41, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
Жамбыл облысындағы «Серпін» арнайы операцияның қорытындылары
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Өңірде жүргізілген «Серпін» операциясының барысында Жамбыл ауданының аумағында бірқатар қарақшылық шабуылдар, бұрын жасалған тонаушылық ашылды, екі қылмыстық топ ұсталды.

Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.Бұл күндері аймақта төрт кісі тонау дерегі тіркелді, жол, патрульдік және қылмыстық полиция қызметкерлерінің өзара іс-қимыл жасауы нәтижесінде бұған дейін жасалған алты кісі тонау қылмысы ашылды. Уақытша оқшаулау абақтысына 12 адам жеткізілді.