12:21, 03 Шілде 2010 | GMT +5
Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев 2010 жылғы мектеп түлектеріне білім беру гранттарын тапсырды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев 2010 жылғы мектеп түлектеріне білім беру гранттарын тапсырды,

деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Тараздың Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің студенттері 70 грантқа ие болды.
«Жамбыл облысының экономикасына жоғары білімді жас мамандар, аймақ экономикасын жоғары деңгейге көтеруге қабілеті жететін жаңа формация менеджерлері қажет», - деді грант тапсыра отырып аймақ басшысы.
Білім беру гранттарын бірінші алу құқығына әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары, сондай-ақ ғылым, мәдениет, спортта белгілі бір жетістікке жеткен жас мамандар ие болды.
Бұл игі істі «Нұр Отан» ХДП филиалы, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті облыс әкімінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.