Жамбыл облысының әкімі Мерке ауданында жұмыс сапарымен болды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев Мерке ауданында кәсіпорындарды, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет нысандарын қарады,
None
None

деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ет өңдеумен айналысатын «Мерке ет» ЖШС жұмыстарымен таныса келіп Қ.Бозымбаев осы кәсіпорынның жай-күйін зерттеуге және фирманың жағдайы төмен болғандықтан көмектесуге өкім берді.

Автомобиль жолдарының құрылысына арналған материалдарды өндірумен айналысатын «Айя» ЖШС-да болып, аймақ басшысы фирма басшыларын облыстағы жұмыстарды белсенді жүргізуге және «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру және республикалық автотрассаларды жөндеу бойынша тендерлерге қатысуға шақырды. «Аймақты дамытуға жергілікті компаниялар көп қатысқан сайын облыс бюджетіне түсетін салықтар да соншалықты көп болмақшы», - деді әкім.

Аймақ басшысы Қырғызстанмен шекарадағы «Сыпатай батыр» кедендік бекетінде болды. Биылғы жылы бекет жаңартылғаннан және кеңейтілгеннен кейін өзінің өткізу қабілетін арттыратын болады. Қ.Бозымбаев бақылау-өткізу пункті орналасқан жер телімін жеке тұлғадан сатып алу мәселесін шешуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар