15:48, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жамбыл облысының әкімі шенеуніктерді үнемшіл болуға шақырды
ТАРАЗ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облыстық мәслихатының таяудағы сессиясында өңір әкімі Бөрібай Жексембиннің мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру шығындарын қысқарту жөніндегі ұсыныстары қаралмақ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚазАқпарат тілшісінің облыс әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, 2009 жылдың бюджетінде қаралған мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға қаржыны 95 миллион теңгеге, соның ішінде жаңа автомашиналар сатып алуға жұмсалатын шығынды 70 миллион теңгеге қысқарту ұсынылды. Облыс бюджетінде көзделген мәдениетті дамытуға бөлінген қаржыдан 105 миллион теңге қысқартылады. Бұдан басқа аудандық шенеуніктердің автомашина сатып алуына қаралған 42 миллион теңге үнемделмек. Тұтастай алғанда 250 миллион теңгеге жуық шығынды қысқарту көзделіп отыр, үнемделген қаражат әлеуметтік мұқтаждарға бағытталатын болады.
«Біздің басшылардың үнемшіл болатын кезі келді. Мемлекеттік органдардың барлық шығындарына бөлінетін қаржының кадрлар құрамы мен мемлекеттік шенеуніктердің жұмыс сапасына сай болуына талдау жүргізіліп отырылады», - деді облыс әкімі Бөрібай Жексембин аппараттық кеңесте.