Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жамбыл облысының ауыл шарашылығы қызметкерлері Астана қаласында өтетін жәрмеңкеге 150 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін дайындауда

ТАРАЗ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының ауыл шарашылығы қызметкерлері Астана қаласында өтетін жәрмеңкеге 150 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін дайындауда, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Жамбыл облысының ауыл шарашылығы қызметкерлері Астана қаласында өтетін жәрмеңкеге 150 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін дайындауда

Астана қаласында өтетін жәрмеңкеде Астананың коммерциялық базарына қарағанда 15 пайыздан 20 пайызға дейін төмен бағамен 33 млн. теңге тұратын 152 тоннаға жуық Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жоспарлануда, деп түсіндірді өңір әкімінің баспасөз қызметінде. Осылайша, жылқы етінің келісі - 1 150 теңге, сиыр еті - 950, қой еті - 900, картоп және сәбіздің келісі - 40 теңге, алма 150 теңге тұратын болады.

Жамбыл облысы 18,2 тонна ет өнімін, 3 тоннаға жуық сүт өнімін, 122 тоннаға жуық жеміс-көкөніс және 2 тоннаға жуық макарон өнімін ұсынбақ.

21-22 қыркүйекте Астана қаласының орталық алаңында өтетін Жамбыл облысының ауыл шарашылығы өнімі жәрмеңкесіне облыстың барлық он ауданының және Тараз қаласының ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері келмек.