20:58, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы мамандарына 2009 жылдың тапсырмалары берілді
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысы экономикасының айтарлықтай бөлігі аграрлық сектордың үлесінде, сондықтан да, оны дамыту аймақтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берген облыс әкімі Бөрібай Жексембин аймақтың аграрлық секторының мәселелеріне тоқталды. «Біздің ең басты проблемамыз - жамбылдық аграршылардың қаржы көзіне, несиелік қаражатқа қол жеткізудің қиындығы, қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз етудің нашарлығы, жаңа технологияны енгізуге кертартпалық себеп болуда. Бөлшектену мен ұсақ тауарлар өндіретін шаруашылықтардың қуаты ауыл шаруашылығына қатысты ірі жобаларды жүзеге асыруға жетпейді. Сондай-ақ, аймақтың мал шаруашылығында күрделі жағдайлар қалыптаса бастады», - деп атап өтті облыс әкімі.Осы жылы, облыстың ауыл шаруашылығы саласына жүктелген тапсырма - барлық тиісті көздер арқылы бөлінген 5,2 млрд, теңге қаржының уақытында игерілуін қамтамасыз ету қажет, «ҚазАгро» ҰК» холдингінің және «Оңтүстік» ҰК» ӘКК көмегі арқылы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер бірлестігін, шағын несие ұйымдарын және қызмет көрсету-дайындау орталықтарын құру керек.
Жеке инвестицияларды, банк несиелерін және қаржы институттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, 11 млрд. теңгеден асып түсетін, 16 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.Аймақта 158 жылыжай салынып, 700 гектар алқапты тамшылап суару белгіленіп отыр, сондай-ақ, облыс әкімі тиісті ұйымдарға суару маусымы басталғанға дейін, Қордай ауылындағы Шу өзенінің Георгиев магистральдық су арнасының оң жақ тармағының гидроқұрылымын күрделі жөндеуден, ал сол жақ тармағының гидроқұрылымын қайта жаңартудан өткізу міндеттеді.