Жамбыл облысының ең қарт тұрғыны 113 жаста
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында Ұлттық санақтың соңғы күніндегі жағдай бойынша, ағымдағы жылғы қаңтардың 1-інде жалпы саны 1 миллионнан астам адамды құраған халықтың шамамен 90 пайызы есепке алынды.
ҚазАқпарат бұл туралы облыс әкімдігінің Статистика басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. Халық санағы барысында облыстың әрбір ауданында жастары ғасырдан асқан қариялар анықталып отырды, дейді санақшылар. Атап айтқанда, Тұрар Рысқұлов атындағы ауданда 100 жасаған Олжакүл Әбілдаева, 106 жастағы Дүрдана Өскенбаева, 107 жастағы Күләпсан Байтелиевалар тұрса, Сарысу ауданында 112 жастағы Рымкүл Қожахметова тұрады. Талас ауданында 109 жасқа келген Бейсенгүл Ахметова мен Ұлту Көмекбаева да есепке алынса, облыс орталығында 107 жастағы Пелагея Шпакова санаққа ілікті. Алдын-ала мәліметтер бойынша, Жамбыл облысының ең қарт тұрғыны - Талас ауданының алыс ауылында тұратын 113 жастағы Балакүл апа Балтаева болып табылады.