Жамбыл облысының Қаржы полициясы 2010 жылы парақорлықтың 11 фактісін анықтады
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Өткен 2010 жыл ішінде Жамбыл облысының Қаржы полициясы парақорлыққа қатысты 11 қылмысты тіркеді,
деп хабарлады облыстық Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.
Мәселен, өзіне қатысты тергеу алды тексеруді тоқтатқаны үшін қаржы полициясы органының қызметкеріне 110 мың теңге көлемінде пара беріп жатқан кезінде «Шу ауданы ведомствоаралық психолгиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес» МБ меңгерушісі А. Алишев құрықталып, үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Ал өзіне қатысты тергеу алды тексерулерді соның пайдасына шешіп беру үшін қаржы полициясының қызметкеріне 150 мың теңге көлемінде пара бермек болған Жуалы ауданының «№1 балалардың өнер мектебі» МБ директоры Т.Сауырбаев шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Жамбыл облысы бойынша Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.