15:16, 05 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жамбыл облысының кәсіпкерлері өздерінің әлеуметтік жауаптылығын дәлелдеуде
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Өткен жылы Жамбыл облысында 216,2 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл 2007 жылғы деңгейден 2,3 пайыз көп.
Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасынан хабарлады. Пайдалануға ипотекалық несиелендіру бойынша 120 пәтерлік төрт көпқабатты үй пайдалануға берілді. Бұл ретте түрлі себептерге байланысты 90 пәтер әлі күнге дейін сатылған жоқ.Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша жалпы алғанда аймақта 2 250 жаңа жұмыс орыны құрылды. Жеті мың отбасының тұрмыстық жағдайы жақсарды.2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы аймақтық бағдарламасына сәйкес Таразда, аудан орталықтары мен елді мекендерде 689,1 мың шаршыметр үйді іске қосу жоспарланып отыр.