16:40, 30 Қараша 2011 | GMT +5
Жамбыл облысының Қордай ауданында екі жүргінші жол-көлік апатының салдарынан қаза тапты
ТАРАЗ. 30 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Қордай ауданында «Лексус» маркалы көліктің салдарынан екі жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД-нің баспасөз қызметі.

«Қордай ауданында 29 қараша күні 18.50-де Алматы-Ташкент тас жолында «Lexus Es-300» маркалы көліктің 44 жасар жүргізушісі 33 жастағы ер адам мен 8 жастағы кішкентай баланы қағып кетті. Олар оқиға орнында қаза болды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұлов.
Жол-көлік апатынан зардап шеккендердің барлығы Қордай ауданының тұрғындары.