Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жамбыл облысының Күнту су арнасында батып кеткен бала іздестірілуде

ТАРАЗ. 11 сәуір. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Байзақ ауданының Сарыкемер ауылына жақын жердегі Күнту су арнасында жексенбінің сағат 18.00-інен бері суға құлап кеткен үш жасар баланы іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖ баспасөз қызметі.

Жамбыл облысының Күнту су арнасында батып кеткен бала іздестірілуде

Іздестіру шараларына Байзақ аудандық АТЖБ мен ІІБ қызметкерлері, жергілікті тұрғындар мен «Жамбыл облыстық ТЖД судан құтқару қызметі» ММ апаттық-құтқару отрядының сүңгуірлері жұмылдырылған.

"Куәгерлердің айтуынша, бүлдіршін арна жанында ойнап отырып, байқаусызда суға құлап кеткен," - деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.