Жамбыл облысының неміс қоғамы Ана күнін атап өтті

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының неміс қоғамы Германияда дәстүр бойынша мамыр айында атап өтілетін Ана күнін атап өтті.
None
None

Жамбыл облысының Неміс қоғамының президенті Александр Гибнердің айтуынша, қоғамның жанындағы «Эдельвейс» балалар клубының мүшелері Германияның Қазақстандағы жылының аясында «Менің анам - ең жақсы адам» суреттер конкурсын өткізді және концерт дайныдады.

11 жасар Андрей Бобров шығармашылық конкурстың жеңімпазы болып танылды. Барлық жүлдегерлер неміс қоғамының атынан сыйлықтар мен құрмет грамоталарын алды.

«Германияның Қазақстандағы жылы - біздің халықтарымыздың арасындағы достық пен өзара түсіністікті қолдауға сеп болатын аса маңызды оқиға. Толеранттылық, барлық халықтарға деген құрмет, діни төзушілік - біздің Президентіміз ұстанған саясаттың ерекшелігі және осы мәселелер басқа елдерге оң үлгі бола алатыны анық», - деп атап көрсетті А.Гибнер өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар