20:12, 02 Қазан 2013 | GMT +5
Жамбыл облысының полицейлері айдап әкетілген «Lexus-LX-470» көлігін иесіне қайтарды
ТАРАЗ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының полицейлері айдап әкетілген «Lexus-LX-470» көлігін иесіне қайтарды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінде.

«ҚІІБ Жедел басқару орталығына «Ынтымақ» тұрағынан белгісіз адам өзінің қымбат бағалы «Lexus-LX-470» маркалы автокөлігін айдап әкеткені туралы арызбен Тараз қаласының тұрғыны хабарласты, - деп түсіндірді құқыққорғау ведомствосының баспасөз қызметінде. - ҚІІБ ЖБО қызметкерлері айдап әкетті деген күдікпен облыс орталығының 22 жастағы тұрғынын ұстады».
Ұсталған адам мойындайтын түсініктеме берді, автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды.
Бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған ҚР ҚК 3-бөлімі 185-бабы («Автокөлікті заңсыз иелену») бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінде.