Жамбыл облысының прокурорлары биылғы жылы тәртіп сақшылары заңнан жасырған 85 қылмыстық әрекетті анықтады

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -Жамбыл облысының прокурорлары биылғы жылы заңнан жасырылған 85 қылмысты анықтап, оларды арнайы есепке қойды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас прокуратура таратқан мәліметтерге қарағанда, заңнан жасырылған қылмыстардың 5-уі аса ауыр қылмыстар болып отыр. Қосымша жүргізілген тергеу және тексеру шаралары барысында Жамбыл облысының Жамбыл ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен Б.Айтбаев деген азаматтың өлтірілгендігі анықталды. Алайда облыстық Ішкі істер департаменті аталмыш әрекет бойынша қылмыстық іс қозғамау жөнінде бірнеше рет шешім қабылдаған. Осыған қарай Жамбыл облыстық прокуратурасы тергеушінің қылмыстық іс қозғамау жөніндегі қаулысының күшін жойып, Қылмыстық Кодекстің 96-шы бабының 1-і тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар