Жамбыл облысының сайлау учаскелерінде 461 байқаушы жұмыс істейтін болады

Бұл туралы Таразда қоғамдық комиссия филилының республикалық және облыстық БАҚ-қа арналған брифингісінде айтылды, оған қоғамдық ұйымдар мен қоғамдық-саяси партиялар қайраткерлері шақырылды.
Филиал төрайымы Парида Мамедованың айтуынша, комиссия міндеті сайлау үдерісінің ашық өтуін және сайлаушылардың ерік-жігерін бостандығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу болмақ. «Облыстың сайлау учаскелерінде 461 байқаушы жұмыс жасайтын болады. Комиссия мүшелері сайлау күні сайлау учаскелерінде қоғамдық бірлестіктерден қатысатын байқаушылар үшін бірқвтар оқыту семинар-тренингілерін өткізеді», - деп түсіндірді ол.
Байқаушыларға басты талап - ҚРның сайлау туралы заңын білу болмақ.
Қоғамдық комиссия әдістемелік құралдар, жадынамалар, дауыс беру басталғанда және аяқталғанда, сондай-ақ қандайда бір бұзушылықтар орын алғанда толтырылатын хаттамалар үлгілерімен байқаушылар қойын дәптерін әзірледі. Филиал кеңсесінде күн сайын кезекшілік ұйымдастырылды.
Сайлау қорытындарымен қоғамдық комиссия өз жұмысының нәтижелерін жариялайды, деп атап көрсетті П.Мамедова.