Жамбыл облысының тұрғындары аймақ басшысына қабылдауға Интернет арқылы жазыла алады

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының тұрғындары аймақ басшысына қабылдауға Интернет желісіндегі облыс әкімдігінің сайтындағы жеке блогы арқылы жазыла алады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз хатшысы Асқар Жалдынов.

Жамбыл облысының тұрғындары аймақ басшысына қабылдауға Интернет арқылы жазыла алады

Оның айтуынша, Қ.Бозымбаев блогқа келген жазбаларды күнделікті қарап отырады және электронды пошта арқылы жауап береді, немесе аса қызықты әрі көкейкесті проблемалармен шағымданған азаматтарды өзіне қабылдауға шақырады.