18:11, 30 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Жамбыл облысының үстелүсті теннисінің шеберлері Қырғызстандағы ашық клубтық чемпионатта көш бастады
БІШКЕК. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қазақстанның Жамбыл облысы атынан сайысқа түскен «Масаншы» командасының үстелүсті теннисі шеберлері Қырғызстандағы ашық клубтық чемпионатта көш бастады.
Қырғыз Республикасы үстелүсті теннисінің қауымдастығы ұйымдастырған турнир биылғы жылы осымен төртінші рет және төрт турда өтуде. Турнирге Қазақстаннан, Қырғызстаннан және Өзбекстаннан келген үстелүсті теннисінің шеберлері қатысуда. Кеше жарыстың қорытынды кезеңінде «Масаншы» командасының спортшылары Қырғызстан астанасында үшінші тур аясында Джалал-Абадтан және Бішкектен келген қарсыластарын артқа тастап, үш ұпайға алға шықты.
Қазақстандық клубтық құрамында Тимур Бейсалиев, Самат Бейсенов, Ермек Бекназаров және Нури Харки өнер көрсетуде.