21:54, 20 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Жамбыл өлеңдері түрік тілінде кітап болып шықты
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Бүгін С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының қолдауымен жарық көрген Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кітапқа Жамбыл Жабаевтың өлеңдері мен талдамалары түрік тіліне аударылып жинақталған. Сондай-ақ, кей сөздердің қазақша баламасы берілген. Кітаптың редакторлары: Orhan Söylemez, Naz Penah, Ömer Faruk Ateş.
Тұсаукесер рәсіміне Түркия Республикасы Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) Қаржылық бөлімінің басшысы Мехмет Санжар Мүләзімоғлы, Қазақстанның Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі Бақытжан Омар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.