Жамбыл өңірінде тіркелмеген мешіт пен заңсыз миссионерлер анықталды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Өткен 2008 жылы Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің экстремизммен және лаңкестікпен күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері әділет органдарында тіркелмеген 25 діни бірлестіктің қызметін тоқтатып, заңсыз миссионерлікпен айналысудың 6 фактін анықтаған.
None
None
ҚазАқпарат тілшісіне бұл туралы департаменттің баспасөз қызметінен хабарлап отыр. Ал жаңа жылда экстремизммен және лаңкестікпен күрес жөніндегі басқарма мен қылмыстық полиция қызметкерлері «Нелегал» операциясы барысында Талас ауданының Ақкөл ауылында рұқсатсыз миссионерлік қызметпен айналысып келген үш адамды анықтады. Алматы облысынан келген 30 және 38 жастағы «миссионерлер» ауыл тұрғындарының арасында елімізде тыйым салынған «Таблиғи Жамаат» діни қоғамының ілімін насихаттаумен айналысқан. Бұл іс бойынша материалдар аудандық сотқа жіберіліп, оларға айып салынды. Сондай-ақ, «Құқық тәртібі» операциясы барысында қаңтардың 20-сы күні экстремизммен және лаңкестікпен күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері қылмыстық полициямен бірлесе отырып, Талас ауданының Қараой ауылында орналасқан заңды тіркеуден өтпеген мешітті анықтады. Мешіттің 40 жастағы имамына қатысты материалдар аудандық прокуратураға жіберілді.
Соңғы жаңалықтар