Жамбыл полицейлері бірнеше шетелдік қылмыскерді ұстады
ТАРАЗ. 19 қазан. ҚазАқпарат - Екі күндік жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Жамбыл облысында әр түрлі қылмысты жасағаны үшін іздеу жарияланған 12 қылмыскер ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Қордай аудандық Ішкі істер бөлімі (ІІБ) ұрлық жасағаны үшін Новосібір облысы ІІБ-мен іздеу жарияланған азаматты анықтады. Талас ауданының ІІБ алаяқтығы үшін іздеу жарияланған БеларусьРеспубликасының азаматын тапты, - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінде. - Тараз полицейлері Свердлов облысы ІІБ-мен ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүрген азаматты, сондай-ақ, Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласы ҚІІД ұрлық жасағаны үшін іздеу жариялаған азаматты ұстады».
Сонымен қатар, 11 хабар-ошарсыз кеткен азаматтың орналасқан жері анықталды. Олардың қатарында бес кәмелетке толмаған бала бар, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінен.