Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жамбыл прокуратурасы көліктерді ауызсумен жууға тыйым салды

ТАРАЗ. 18 маусым. ҚазАқпарат - Жамбыл прокуратурасы көліктерді ауызсумен жууға тыйым салды.

Жамбыл прокуратурасы көліктерді ауызсумен жууға тыйым салды

Жамбыл облыстық прокурорының аға көмекшісі Олег Морозовтың айтуынша, су заңнамасының қолданылуы туралы жоспарлы тексеру қорытындылары бойынша ауызсуды техникалық мақсаттарға заңсыз пайдалану фактілері тоқтатылды.

«Тараз-су» МКК-мен келісім-шарттардың негізінде облыс орталығының 82 көлік жуу қызметі ауызсуды көліктерді жуу үшін пайдаланғандары анықталды, ал бұл экологиялық және су заңнамасының талаптарына қайшы келеді», - деп хабарлады О.Морозов.

Тараз қалалық прокуратурасының арызы бойынша ауызсуды беру тоқтатылып, заңсыз келісім-шарттар бұзылды, деп нақтылады ол.

«Соттың аталған шешімі үстіміздегі жылдың 16 мамырында күшіне енді, оны орындау бойынша шаралар қабылдануда», - деп хабарлады облыстық прокуратурадан.