Жамбылда газдан уланушылардың саны 45 пайызға артқан
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінң мәліметіне сүйенсек, өңірде газдан улану оқиғасы көбейген. Атап айтар болсақ, алдыңғы жылдармен салыстырғанда улы газдан зардап шеккендер саны 45 пайызға өскен. Бұл орайда мамандар оқыс оқиғаның алдын алу, тексеру, түсіндіру жұмыстары кезінде бірқатар кедергілер кездесіп отырғанын айтады.
«Көбінесе бізді үйлеріне кіргізбейді. Есіктерін ашпайды. Біз аралағандардың ішінде біршама кемшіліктер табылған болатын. Ал енді бізге кіріп, айыппұл салу заңда қарастырылмаған», -дейді Тараз қалалық ТЖБ бас маманы Қайрат Оразбаев.
Айта кетейік, бұл бойынша мамандар 100 мыңға жуық үйді аралап, 300 мыңнан астам адамның қатысуымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіпті. Сондай-ақ, 1500-ге тарта арнайы рейд шараларын ұйымдастырған.