13:22, 05 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жамбылдық кәсіпкер туған ауылына спорт кешенін салып берді
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының елді мекендерінде шағын және орта бизнес біртіндеп нығайып келеді.
ҚазАқпарат тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Шу ауданындағы ауылдарда коммерциялық құрылымдардың саны жыл өткен сайын артып жатыр. Әсіресе, соңғы уақытта олардың қызметтері нақты әлеуметтік бағытқа ие болуда. Атап айтқанда, Шудағы «Нұрсұлтан» фирмасының директоры Ержан Байтүгелов автосервис және тамақтандыру қызметін ұйымдастырумен бірге, салауатты өмір салтын да насихаттауда. Кәсіпкер Шу қаласында тренажер залы, спорт түрлерімен айналысатын секциялары бар спорт кешенін ашып отыр. Шулық кәсіпкердің әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі бастамасын мақұлдаған облыс әкімі Бөрібай Жексембин, осы бір игі іске мемлекеттік тапсырыс беру туралы ұсыныс білдірді.