Жамбылдық кәсіпорындар зиянды қалдықтар үшін 2,6 млрд теңге төледі

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Экологтар Жамбыл облысында қоршаған ортаның жағдайының нашарлағандығын айтуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған байланысты жергілікті билік өкілдері атомосфераға тасталатын зиянды заттар үшін эмиссияларды бақылау мақсатында кешенді шараларды дайындады.

Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Ерлан Қойшыбаевтың атуынша, 2017 жылы өңірдегі тайбиғатты пайдаланушыларға қатысты 93 тексеру жүргізілген.

«Бүгінгі таңда өңірімізде 2 390 табиғатты пайдаланушы бар, олардың 270-і бірінші дәрежелі. Өткен жылы экологиялық сараптама кеңесі «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауыты, «Қаратау» мекемесі мен «Орталық» кеніші, «Көк-су» шахтасы мен «Бірлескен өнеркәсіп аймағы», Аралтөбе және Кесіктөбе кеніштері, «ЕвроХим-Удобрение» мекемелерінің бірқатар жобаларын қарап шықты. Нәтижесінде тапсырыс берушілердің сұраныстарымен салыстырғанда эмиссиялар көлемі 7,2 мың тоннаға азайған»,-деп түсіндірді Ерлан Қойшыбаев.

Спикер кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларға арналған 956,2 млн теңгесінің 84/2 пайызын игерген. Облыс бюджетінен қоршаған ортаны қорғауға бөлінген 721,5 млн теңгенің 95,4 пайызы игерілген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, табиғатты пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау эмиссиясына 2,6 млрд теңге төледі.

«Табиғатты пайдаланушыларды тексеру барысында өткен жылы 129 заң бұзу фактісі анықталып, кемшіліктерді жою жөнінде 122 ұсыныс жіберілген, олардың 115-і осы уақытта атқарылған. Өткен жылдардан келе жатқан істерге байланысты қосымша сот шешімі бойынша 78,2 млн теңге алынды»,-деді Жамбыл облысының бас экологиялық инвпексторы.

Соңғы жаңалықтар