Жамбылдық мектептерде цифрландырудың заманауи жаңалықтары енгізіліп жатыр
Таразда орта білім беру мекемесі - дарынды балаларға арналған ІТ лицей-интернатының негізі биыл қаланды, оның ашылу салтанатына ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
«Біздің облыста балалар мен жастардың білім сапасын арттыруға үлкен көңіл бөлінеді. Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов цифрландырудың барлық заманауи жетістіктерін білім беру үдерісіне енгізуді қолға алуда. «2018-2020 жылдарға арналған цифрлық экономика үшін адами капиталды дамытудың жол картасы» бағдарламасы бойынша биыл Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 7-11-сынып оқушылары үшін 320 балаға арналған облыстық мамандандырылған IT-лицей-интернатын ашты. Оқушылар мен мұғалімдер конкурстық негізде іріктелді», - деді ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова.
IT-лицейде оқушылар жаратылыстану ғылымдары, робототехника, ақпараттық технологиялар, дизайн және бағдарламалау салаларын тереңдетіп оқиды. Мұнда үш тілде білім беріледі.
Таяуда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова осы білім беру мекемесінде оқу үрдісінің қалай жүргізіліп жатқанымен танысқан еді.
Дарынды балаларға арналған ІТ лицей-интернатының директоры Айдар Тұрабаев түсіндіргендей, бұл мектеп заманауи жабдықтармен жабдықталған, сондай-ақ мұнда озық технологиялар пайдаланылады.
«1,7 гектар аумақта заманауи ғимарат орналасқан, онда сыныптар мен оқушыларға арналған тұрғын үй кешені бар. Алдағы 2019-2020 оқу жылында құрылысты 300 орынға ұзарту жоспарлануда. Бүгінде мұнда алты сынып бар. 12 оқу кабинеті, екі компьютер кабинеті, кітапхана, ЛМК, STEM зертханасы, веб-бағдарламалау кабинеттері, робототехника, медициналық кешен, жаттығу залы және акт залы, асхана бар», - деді лицейдің директоры.
Қонақтарға балалардың қалай өмір сүріп және білім алып жатқандарын көрсетті.
Еске салайық, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова Жамбыл облысына іссапармен келген болатын. Ол өңірге жасаған жұмыс сапары барысында облыстық әкімдікте «Жамбыл - адалдық алаңы» жобасының жарғысына қол қойды. Енді Әулие ата жерінде жемқорлыққа қарсы жаңа тәжірибе жұмыс істейтін болады.