Жамбылдық монополистер халыққа 15 миллионнан астам теңге қайтарады

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбылдық монополистер жылумен қамтамасыз ету қызметі үшін халыққа 15 миллионнан астам теңге қайтаруы керек.
None
None

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінен хабарлады.

Департамент директоры Марат Смаиловтың айтуынша, жамбылдық ведомство сыртқы ауа райының нақты температурасын ескере отырып, халыққа көрсетілген жылумен қамтамасыз ету қызметінің тарифін қайта есептеп шықты.

«Жылумен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер көрсетуші монополистер, күн райы жылы болған жағдайда, жыл сайын тарифті қайта есептеп шығарады, 2009-2010 жылғы жылу беру маусымы бойынша «Таразэнергоцентр», «Жамбыл-жылу», «Жанатас-Су-Жылу»,«Шу-Жылу», «София» және «Теміржол-Жылу» кәсіпорындары тарифтерді қайта есептеп шықты», деп түсіндірді маман.

Нәтижесінде, халыққа қайтарылуы тиіс сома қосымша құн салығын қоса есептегенде, 15 миллион 852 мың теңгені құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар