Жамбылдық оқушылар үшін жазғы маусым басталды

ТАРАЗ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Балаларды қорғау күнінде жамбылдық оқушылар үшін жазғы лагерь маусым басталды.
None
None

Қалалық білім беру бөлімінің ақпараты бойынша, маусымның 1-і күні көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 320 бала қала сыртындағы «Болашақ» сауықтыру лагеріне тегін жолдама алды.

«Болашақ» лагерінде барлығы бір маусымда осындай отбасылардан шыққан 1 4000 бала демалуы тиіс», - деді қалалық білім бөлімінің әдіскері Марина Әлиева.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыс орталықтарындағы 52 мектеп жанынан жазғы лагерьлер ашылған, ол жерде балалар ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, толыққанды демала алады. Екі маусымда барлығы он мыңнан астам тараздық мектеп оқушылары мектеп жанындағы лагерьлерде демалады.

Тараз мектептері оқушыларының 78,9 пайызы жазғы демалыспен қамтылатын болады.

Соңғы жаңалықтар