Жамбылдық полицейлер ақтөбелік жалған ақша жасаушыларды ұстады
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Алматы және Жамбыл облыстарымен шекаралас жатқан Қордай аудандық «Отар-рубеж» бекетінде Жамбыл облыстық ІІД жол және криминалдық полиция қызметкерлері жалған ақша жасаушыларды ұстады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.31 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «ВАЗ-21099» автомашинасын қарау кезінде түрлі-түсті баспа принтері табылған. Полиция қызметкерлерінің принтер не үшін керек деген сауалына жүргізуші де. оның жанындағы жолаушылар да ұғынықты жауап бере алмады.Күдіктенген полиция қызметкерлері көліктің салоны мен жүк салғышын дұрыстап тексергенде, қолдан жасалған ақшаның қиындыларын табады. Сонымен қатар, күдіктілердің қалтасынан 14 жалған ақша табылады. Олардың екеуі екі мың теңгелік, қалғандары - бес мың теңгелік. Тексеру барысында 38 500 теңге жалған ақша анықталды.Жалған ақша жасағаны және оларды топ болып сатқаны үшін ҚР ҚК 206 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.