Жамбылдық полицейлер Алматыдан қуып кеткен автомашианы ұстады
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының полициясы Алматыдан қуып кеткен автомашинаны ұстады.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі Алматы-Ташкент күрежолының Байзақ ауданындағы 475-ші шақырымында 23 ақпан күні таңертең жол-торуыл қызметкерлері айналып өту ережесін бұзған «ВАЗ-2114» автомашинасын тоқтатты.
Автомобильді қарау барысында жүргізуші полицейлерге кеше кеште Алматыдағы «Саяхат» автовокзалының маңында үш белгісіз адам оның автомобилін тоқтатқанын айтты. Рульде машина иесінің өзі болған, олар күш қолданып, автомобильді және ақшаны иеленген. Бұдан кейін жүргізушіні қорқытып, өздерімен бірге Таразға қарай алып шыққан.
«Патрульдік полицейлер осы қылмысқа күдікті үш жолаушыны ұстады. Олар айыбын толық мойындарына алды. Олардың бәрі де жамбылдықтар, 1984 жылғы ең үлкені үш рет сотталған», - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Бұл факті бойынша материалдар және машинаны қуып кетуге және тонауға күдікті ұсталғандар Алматының Түркісіб аудандық ішкі істер бөліміне берілді. Жүргізуші машинасымен үйіне оралды, деп нақтылады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі.