Жамбылдық полицейлер ерекше «Автоураган» АБК тұсауын кесті

деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі.
Жамбыл облысы ІІД бастығы Бекет Аймағамбетовтың айтуынша, облыс әкімінің қолдауымен облыстық ІІД жол қозғалысын бақылау үдерісін автоматтандыру бойынша кешенді іс-шаралар өткізілуде.
«15 қыркүйектен бастап Тараз қаласының барлық аумағында «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешені іске қосылды. Ол бейнережимде жол қозғалысы ережесін бұзуды белгілеп, көлікті автоматты түрде тіркеу және түрлі шектеу базалары бойынша іздеуді жүзеге асыруға, барлық бұзушылықтардың статистикасын жүргізуге, сонымен қатар, автожолдарда көліктің көптігін талдауға және қызмет пен ведомстволарды ақпаратпен жедел қолдауға мүмкіндік береді. Бір тәулік ішінде «Автоураган» АБК-ның көмегімен 500-ден астам ЖКЕ бұзушы анықталып, 5 млн. теңгеден аса айыппұл салынды», - деп атап өтті гарнизон басшысы.
«Бұл аппараттық-бағдарламалық кешен - әзірге еліміздің басқа өңірлерінде қондырылмаған жоғары деңгейдегі құрылғы. Тараз қаласында кешеннің серверлік бөлігі жол полициясында емес, Жедел басқару орталығында (ЖБО) орналасқан», - деді жобаны жасаушы, «V&V» Телекоммуникациялық бөлімшесі» ЖШС директоры Александр Тимошин.
«Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешен жол қозғалысын бақылау үдерісін автоматтандыру бөлігінде жылдамдық режимін бұзумен байланысты жол қозғалысы ережелерін бұзуды бейнережимде белгілеп, ЖҚЕ бұзу деректері туралы ұйғарымды басып шығарып, бірден бұзушыларға жолдауға мүмкіндік береді» - деп түсіндірді ІІД Штаб бастығының орынбасары, полиция майоры Серік Жүнісбеков.
«V&V» фирмасы екі ай ішінде «Автоураган» АБК-ын Тараз қаласының көлік көп жүретін, апат қаупі көп және стратегиялық маңызды бес көше-жол желілеріне орнатты.
Келешекте Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен облыс территориясының бүкіл аумағындағы жол қозғалысын осындай автоматты бақылаумен қамтамасыз ету жоспарлануда.