Жамбылдық полицейлер «Көкнәр-2012» жедел-іздеу шарасының барысында бір тоннаға жуық жабайы қарасора тәркіледі
ТАРАЗ. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Жамбылдық полицейлер «Көкнәр-2012» жедел-іздеу шарасын өткізу барысында бір тоннаға жуық жабайы қарасораны тәркіледі, деп хабарлады құқық қорғау ведомствосының баспасөз қызметінен.
Тұрар Рысқұлов ауданында, Құрағаты елді мекенінен 7 шақырым жерде «Дельта-Долина» есірткімен күрес бойынша аймақаралық бөлімінің қызметкерлері Қарағанды облысының 45 жастағы тұрғынын ұстады.
«Ұстау кезінде одан қара-жасыл түсті қатпарлары және өзіндік иісі бар металдан жасалған орақ пен жаңа шабылған, жалпы салмағы 983 келіні құраған жабайы өсетін қарасораның бес бауы анықталып, алынды. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған азамат бір тоннаға жуық марихуананы жеке пайдалану мақсатында өсіргенін мәлімдеді», - делінеді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазіргі кезде ол Шу ауданының уақытша ұстау абақтысына қамалды. ҚР ҚК-нің 259 бабындағы 1-1 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.
Бұдан басқа, «жүгін» күндіз тасымалдаған есірткі дилері ұсталды. Байзақ аудандық полициясының учаскелік инспекторларының назарына күйгелектеп жүрген, қолында үлкен сөмке бар ер адам түсті. Сараптама сөмкенің ішінде жалпы салмағы 8 келі 120 грамм марихуана есірткілік заты бар екенін анықтады.
Қазіргі кезде ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалып, мойындау түсініктерін беруде. Енді Жамбыл ауданына қарасты Тастөбе ауылының бұрын сотталған тұрғыны жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.