09:56, 13 Шілде 2010 | GMT +5
Жамбылдық «Тараз» футбол клубының жаңа жаттықтырушысы тағайындалды
ТАРАЗ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбылдық «Тараз» футбол клубының (ФК ) жаңа жаттықтырушысы тағайындалды, деп хабарлайды «Тараз» ФК баспасөз қызметі.

Отбасылық жағдайына байланысты клубтан кеткен Ойрат Садуовтың орнына команданың бас жаттықтырушысы ретінде 47 жастағы Игорь Урсаки тағайындалды. Бұрын ол «Атырау» футбол командасы бас жаттықтырушысының көмекшісі болған. Ол молдавиялық «Дачия», «Интерспорт» командаларында, сондай-ақ Молдованың құрамасында тәжірибе жинақтаған.