Жамбылдық «Ырыс-Бақыт» кәсіпорны Ресейге 2014 жылы 5 мың тұлып жөнелтті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Кеше Жамбыл облысының Қордай ауданына ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков пен өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Жамбыл өңірінің басшысы мен ҚР АШМ басшысы асыл тұқымды мал өсіруге мамандандырылған «Медет» шаруа қожалығында болды.

Шаруашылықта 250 бас асыл тұқымды ірі қара, 6 мыңға тарта асыл тұқымды еділбай қойы, 275 бас асыл тұқымды жабы жылқылары бар. Биылғы жылы мұнда 3 мың бас іріқараға арналған бордақылау алаңын іске қосу жоспарлануда.

Қордайлық «Ырыс-Бақыт» ЖШС-да А.Мамытбеков пен К.Көкірекбаев аяқ киім мен мех бұйымдары үшін жоғары сапалы құрым шығару жобасының іске асырылуымен танысты.

Бүгінде «Ырыс-Бақыт» ЖШС Қазақстандағы тері-мех шикізатының барлық түрін (іріқара, қой және ешкі терісі) өңдейтін жетекші кәсіпорынға айналып отыр. «Ырыс-Бақыт» өнімдері Қазақстанда және басқа елдерде үлкен сұранысқа ие. Бұлар - киіз үйлер, көрпеше, ер, ұлттық безендірілген төсек-орындар, қой терісінен жасалған мех, киіз, аяқ киім терісі және киім тігетін тері - барлығы 40 атауға жуық. Кәсіпорын Беларусь компанияларымен ынтымақтасып келеді, Қазақстанның Қарулы Күштері мен ҚР ІІМ үшін жылы киім және сапалы теріден жасалған аяқ киім жеткізеді. Өнімдердің біраз көлемі Ресейге, Беларусьқа және Украинаға жөнелтіледі. Мысалға, өткен жылы Ресейге 5 мыңнан астам тұлып пен шолақ тон жіберілді.

А.Мамытбеков пен К.Көкірекбаев Шу ауданында болып, дәрілік мия өңдеу зауытының құрылысы барысымен танысты. Құны 600 млн. теңге тұратын жобаны жүзеге асыру үшін өз қаражаттарына «KazMia» ЖШС құрылды.

Компания құрылтайшылары зауыт қуаты 2 мың тонна дәрілік мия шығаруға есептелгенін атап өтті. Мұнда 60-қа жуық адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Соңғы жаңалықтар