Жамбылдықтар қазақ поэзиясының алыбы рухына құрмет көрсетті

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Таразда ақпанның соңғы күні жетпіс жылдан бері есімі облыстың атымен аталып келе жатқан қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 163 жылдығын атап өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Осы күні облыс мектептері мен жоғары оқу орындарында Жамбылдың шығармашылық мұрасы туралы әдеби оқулар, шығарма жазудан конкурстар өткізілді.Ақпанның 28-і күні орталық базардың жанындағы көне алаңдағы Жамбылдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Іс-шараға облыстың қалың жұртшылығы, ардагерлер және жастар қатысты.Соғыс жылдары өлеңдері қоршаудағы Ленинград қорғаушыларына дем берген Жамбылдың шығармашылығы қазақстандық патриотизмге баулиды және көп ұлтты Отанымызға деген сүйіспеншілік сезімді асқақтата түседі.
Соңғы жаңалықтар