Жәмішев девальвацияға қатысты болжам жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында Қазақстан даму банкінің басшысы Болат Жәмішев теңге бағамының құбылуына байланысты өз болжамын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Енді, біз болжам жасаумен айналыспаймыз. Дегенмен, қаржы нарығын үнемі бақылап отырамыз. Қазіргі динамикаға әсер етіп отыратын факторларды да зерделейміз. Алдағы уақытта айырбастау курсы күрт өзгеріп кетеді деп ойламаймыз. Бүгінде ұлттық валюта күшейіп келеді. Бәлкім, ол кері серпіледі, девальвацияның белгілі бір кезеңі болады. Соған қарамастан, ол үдерістердің астарында қандай да бір "мина" бар деп ойламаймын. Қазіргі динамикаға қауіп төніп тұрмаған тәрізді", - деді Жәмішев.

Оның айтуынша, Қазақстанның даму банкі өзінің қаржылық саясатын қайта қарастырып, займдарды шетелдік валютада емес, ұлттық валютамен беруге басымдық жасайды. Осы орайда экспортқа шыға алатын, сондай-ақ валюталық қауіп-қатерлерді еңсере алатын кәсіпорындар іріктеледі. 

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанның даму банкінің ел экономикасына құйған қаржысы 426 млрд. теңгені құрады. Аталған кезеңде банк жалпы сомасы 277,5 млрд. теңгеге 14 инвестициялық жоба мен 10 экспорттық операцияны қаржыландырды. "Енді, бізді екінші деңгейлі банктермен салыстыруға болмайды. Себебі біз (Қазақстанның даму банкі "Бәтерек" ұлттық басқарушы xолдингінің құрамына кіреді - авт.) ірі кәсіпорындармен жұмыс істейміз. Сосын берілетін займдардың көлемі де аз емес", - деп атап көрсетті Жәмішев.

Соңғы жаңалықтар