Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жаңа ақылы жолдармен бір айда жарты миллионнан астам көлік өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Үш жаңа ақылы жол учаскесінде бір айда жарты миллионнан астам көлік жүріп өтті.

Үш жаңа ақылы жол учаскесінде бір айда жарты миллионнан астам көлік жүріп өтті
Фото: ҚaзАвтоЖол

Еліміздегі республикалық маңызы бар үш жаңа ақылы автомобиль жолы учаскесі іске қосылған алғашқы айдың өзінде-ақ көлік қозғалысының айтарлықтай қарқын алғаны байқалды. Бір ай ішінде бұл бағыттармен 528 мыңнан астам көлік жүріп өткен.

Әңгіме жақында ақылы режим енгізілген «Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал», «Бұрылбайтал – Күрті» және «Талдықорған – Өскемен» автожол учаскелері туралы болып отыр.

Көлік ағынының ең жоғары көрсеткіші «Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал» бағытына тиесілі. Бұл учаскеде бір айда 290 мың көлік тіркеліп, жалпы көрсеткіштің шамамен 55 пайызына жетті.

Ал «Талдықорған – Өскемен» бағытында 181 мың көлік жүріп өткен. Бұл жалпы көлемнің 34 пайызына жуық.

«Бұрылбайтал – Күрті» учаскесінде алғашқы айда 58 мың көлік қозғалысы тіркелді.

Осылайша, үш жаңа ақылы жол учаскесі бойынша бір айдың ішінде жарты миллионнан астам көлік қатынағаны анықталды:

— Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал — 290 мың;
— Талдықорған – Өскемен — 181 мың;
— Бұрылбайтал – Күрті — 58 мың.

Айта кетейік, «Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал» және «Бұрылбайтал – Күрті» учаскелерінде ақылы жүйе 2026 жылғы 10 шілдеде, ал «Талдықорған – Өскемен» бағытында 11 шілдеде енгізілген болатын.

Алғашқы айдың қорытындысы жаңа ақылы жолдардың көлік өткізу қабілеті мен қозғалыс қарқынын бағалауға мүмкіндік беріп отыр. Үш учаскенің ішінде ең жоғары жүктеме «Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал» тасжолына тиесілі екені байқалады.

Айта кетелік Қызылорда – Жезқазған автожолының Қызылорда облысындағы бөлігі толық аяқталған еді