17:40, 26 Қыркүйек 2011 | GMT +5
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: Тәуелсіздікке 20 жыл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
ТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 29 қыркүйекте ҚР Парламенті Мәжілісінде «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: Тәуелсіздікке 20 жыл» деген тақырыппен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

Оның атап өтуінше, форум жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Парламенттерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың, елімізде тіркелген дипломатиялық корпустардың, бірқатар министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысады деп күтілуде.