13:44, 28 Мамыр 2010 | GMT +5
                                        Жаңа алтын айыру фабрикасы 2010 жылдың екінші жартысында толық жобалық қуатына шығады
                                            АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ.   Мамырдың 28-і.   ҚазАқпарат  /Расул Бахамов/ - Жаңа  алтын  айыру    фабрикасы      2010 жылдың екінші жартысында  толық жобалық қуатына    шығады, деп хабарлады  «Васильков  кен байыту комбинаты»  АҚ-ының    бірінші вице-президенті  Аңсат Жабағин. 
                                        
                                        
                                     
                                              Алтын айыру фабрикасын іске қосу рәсімінде осындай мәлімдеме жасаған ол, ағымдағы жылы 6-8 тонна алтын өндіру пайымдалып отырғандығын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев игеріліп жатқан карьерде, сондай-ақ Васильков кен байыту комбинатының бас комбинатында болды және жаңа алтын айыру желісін іске қосты.
Бұдан бұрын айтып өткеніміздей, алтын айыру фабрикасының жылдық өндіру қуаты 8 миллион тонна руданы және 13-14,5 тонна алтынды құрайды. Бұл өндірісті құруға 700 миллион доллар көлемінде инвестиция салынды.
Мамандардың айтуынша, ТМД кеңістігінде жылына 7 миллион тонна руда өңдейтін фабрика жоқ.