Жаңа аудиохрестоматияның тұсауы кесілді

Бұл жаңа жобаны ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігінің Тіл комитеті ұсынып отыр. Шараға ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Мақсат Сқақов, жазушылар, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары Әкім Тарази мен Төлен Әбдік, ҚР білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы Роза Баттал, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі, ардагер диктор Сауық Жақанова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов және өзге де қоғам қайраткерлері қатысты.
Жоба авторларының айтуынша, аудиохрестоматияға болашақта елімізге белгілі басқа да жазушылардың шығармалары еніп, олар ғаламторға орналастырылатын болады. Бұл жобаның негізгі мақсаты - оқушыларымыз бен жастарымыздың есту зердесін, ғаламтор арқылы әдебиетті насихаттау. Мұндай жоба сондай-ақ қазақ тілінің дамуына да айтарлықтай үлесін қоспақ.