Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жаңа Бұқтырма кентінің 1700-ден астам тұрғыны суық сусыз қалып отыр - ШҚО-дағы апат

ӨСКЕМЕН. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Зырян ауданындағы Жаңа Бұқтырма кентінің 1700-ден астам тұрғыны коммуналдық жүйелердегі апат салдарынан суық сусыз қалып отыр.

Жаңа Бұқтырма кентінің 1700-ден астам тұрғыны суық сусыз қалып отыр - ШҚО-дағы апат

Кеше суық сумен қамтамасыз ету құбырларында апат орын алды. Ескіріп кеткен құбыр желісі қысымға шыдамады, дейді коммуналдық қызметтер. Аса күшті аяз да өз әсерін тигізген сыңайлы. Бір тәулікке жуық уақыт коммуналдық қызметтер жарылған жерді іздеді, оны тек таңертең ғана табуға мүмкіндік туып, қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.