15:57, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Жаңа буындағы шенеуніктерді қолдау үшін Ресей Қырғызстанға гранттар бөледі
АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚаазАқпарат - Жаңа буындағы шенеуніктерді қолдау үшін Ресей Қырғызстанға гранттар бөледі. Бұл жөнінде «24.kg» ақпаратттық агенттігі хабарлады.

Алдағы таяу арада екі ел «Қырғызстандағы мемлекеттік қызметтің сапасын көтеру жөніндегі» бірлескен жобаны жүзеге асыра бастайды. «Ол ресей гранттары есебінен адал және таза шенеуніктердің жаңа буынын қалыптастыруды көздейді», - делінген хабарламада.
Кеше түстен кейін Ресей Президенті Дмитрий Медведев пен Қырғызстан басшысы Роза Отынбаеваның телефон арқылы сөзінде осы мәселелердің жүзеге асырылуы пысықталды. Тараптар Астанадағы кездесу кезіндегі қол жеткен келісімдердің орындалу барысын да талқылады.
Ресей Президенті Қырғызстанның РФ-ға сыртқы қарыздарын есептен шығару жөнінде келіссөздер жүргізуге дайын екендігін жеткізді.