Жаңа индустрияландыру: «Ақмола Феникс» АҚ тауық еті мен жұмыртқасын өндіруде көш бастап келеді (ФОТО)

Оның айтуынша, индустрияландырудың екінші бес жылдығына енген кәсіпорын өндіріс көлемін арттырып отыр. Осының арқасында елімізде жұмыртқа өндірісі бойынша көш бастап келеді.
«Біздің кәсіпорын «Ақмола Феникс» АҚ «CapitalProjectLTD» ЖШС-і «Шаңырақ» холдингіне қарайды. Бұл бізге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Әсіресе, «Ақмола Феникс» АҚ-ы өндірген тауық жұмыртқасын Астана мен Ақмола облысы аумағынан бөлек еліміздің әр өңірінде сата аламыз. Халықтың біздің өнімге деген сұранысы жоғары. Кәсіпорын жылына 65 миллион дана тауық жұмыртқасын өндіреді. Өйткені біз сапа жағынан ғана емес, баға жағынан да бәсекелестікке толық лайықпыз. Біз өнімді бастан аяқ бақылап, тұтынушылардың сұранысына сай жұмыс істейміз. Бұл бізге үлкен басымдық беріп отыр», - дейді компания басшысы.
Сонымен қатар, ол индустрияландырудың алғашқы бес жылдығында қолжеткізген жетістіктерге де тоқталды. Бұл тұрғыда компания жұмыртқамен қатар, бройлер тауықтарының етін өндіруді де қолға алған.
«Өткен жылдың соңында индустрияландырудың өңірлік картасына енген «CapitalProjectLTD» ЖШС-ін іске қосқан болатынбыз. Аталған кәсіпорын жоба бойынша жылына 20 мың тонна салқындатылған және мұздатылған тауық еті мен шұжығын шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынды толық қуатына 2017 жылы шығаруды жоспарлап отырмыз. Жұмыс процесіне келетін болсақ, бәрі автоматтандырылған, қол күшін онша қажет етпейді. Биылғы жылы «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік кезеңінде жүлделі орынан көрінуіміз бұл біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды білдірсе керек», - дейді Максим Божко.