Жаңа қаулы: Қазақстанда Пфайзер вакцинасы 12 жастан асқан адамдарға да егілетін болды

Сондай-ақ, КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғаннан кейін ауырған адамдар сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцинацияның екінші дозасымен егілуіне болады.
Бұл ретте, егер азамат КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған күннен бастап 21 күнге дейін КВИ-мен ауырса (ауру белгілері пайда болған күн бойынша), онда вакцинаның екінші дозасы енгізіледі және вакцинация курсы аяқталады. Егер азамат КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған күннен бастап 21-ші күні және одан кейін КВИ-мен ауырса (ауру белгілері пайда болған күн бойынша), онда вакцинаның екінші дозасы енгізілмеуі мүмкін және вакцинация курсы аяқталады.
Одан бөлек, Шетелге шығатын адамдарға растайтын құжаттар ұсынылған кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайтадан жүргізуге жол беріледі.
Бұл ретте, вакцинаны таңдау сапарға шығу жоспарланған елдің талаптарына байланысты жүргізіледі.
КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізуге егілетін адамның немесе оның заңды өкілдерінің профилактикалық егулер курсын қайта жүргізуге ерікті түрде хабардар етілген келісімін алғаннан кейін ғана осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде жол беріледі.
КВИ-ға қарсы соңғы екпе мен КВИ-ға қарсы вакцинацияның қайталама толық курсы арасындағы аралық кемінде 3 ай деп ұсынылады.
Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарды вакцинациялау үшін КВИ-ға қарсы вакцинациялауды үйге барып жүргізу ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, «Комирнати» вакцинасын (Пфайзер) қолдана отырып, КВИ-ға қарсы вакцинациялауға 12 жастан асқан адамдар, оның ішінде Қазақстанның аумағында 3 және одан да астам ай тұрып жатқан шетелдік азаматтар жатады.
Шетелде «Комирнати» вакцинасының (Пфайзер) бірінші дозасын алған адамдар Қазақстанда «Комирнати» вакцинасымен (Пфайзер) вакцинация курсын аяқтай алады.