Жаңа Конституция жобасында ғылым мен білім саласы маңызды орын алады — академик
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық ғылым академиясының академигі Вячеслав Локшин ғылым мен білім беруді ел дамуының стратегиялық басымдығы ретінде бекітуді көздейтін конституциялық реформаны қолдайтынын айтты.
Оның айтуынша, ғылым мен мәдениеттің рөлін Конституция деңгейінде мойындау еліміздің алға жылжуының негізгі факторы саналады.
— Ғылым, ғалымдар, мәдениет, білім мемлекетімізді дамытудың стратегиялық басымдығы ретінде танылады. Бұл мемлекет іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қолдайтынын білдіреді. Медицина — ғылым ретінде осындай салалардың бірі. Конституцияда азаматтың денсаулығына қатысты құқығы бекітілген, — деп атап өтті Вячеслав Локшин.
Айта кетелік Бектенов жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырған еді.