14:23, 04 Сәуір 2012 | GMT +5
Жаңа Қылмыстық кодекс жобасы әзірленіп жатыр
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Елімізде жаңа Қылмыстық кодекс жобасы әзірленуде. Онда террористік қылмыс үшін жазаны қатайту нормалары көзделеді.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлім етті.
«Бас прокуратура Қазақстанның жаңа Қылмыстық кодексінің жобасын дайындау туралы тапсырма алған болатын. Қазіргі таңда бұнымен жұмыс жалғасуда. Оның аясында барлық арнаулы құқық қорғау органдарына жалпы терроризм, сондай-ақ оны қаржыландыру бойынша да жауапкершілікті арттыру мәселесіне қатысты тапсырмалар берілді», - дейді Иоган Меркель. Оның сөзіне қарағанда, Қылмыстық кодекс жобасы Парламентке шамамен келесі жылдың алғашқы тоқсанында жолданатын болады.