Жаңа министр Нұрлан Байбазаров ұлттық экономиканы қалай реформалайтынын айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында ұлттық экономиканы қалай реформалайтынын айтты. 

Байбазаров
Фото: t.me.KZgovernment

«Мемлекет басшысы «жаңа экономикалық саясат» бағдарының негізінде жаңа бағыттарды белгіледі. Оның бәрі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары. Соған байланысты екі негізгі бағытты айтуға болады – экономикадағы құрылымды өзгерістер және экономика салаларындағы реформалар. Оның бәрі инвестицияларды тарту, салық және бюджет жүйесіне әсер етеді», - деді Нұрлан Байбазаров. 

«Сонда сізге дейінгі министрдің қолынан бұл келмеген бе?» - деп сұрады журналист. Жаңа министр ондай пайыммен келіспейтінін айтты.

«Ол жұмыстар басталған, енді оны дұрыстап аяқтап, жаңа экономикалық өсімге жағдай жасау қажет», - деді Ұлттық экономика министрі.

Соңғы жаңалықтар