14:27, 25 Қараша 2024 | GMT +5
Жаңа мұнай өңдеу зауыты батыс өңірде салынады - министр
АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде жаңа мұнай өңдеу зауыты батыс өңірде салынады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті.

«2030 жылдан кейін төртінші мұнай өңдеу зауытын салу жоспары бар. Бұл тек мұнай өңдейтін зауыт қана емес, сонымен қатар онда тұтас мұнай-газ әрі химиялық кешен қамтылады. Алдын ала талқылау барысында Батыс Қазақстан өңірін таңдадық», - деді А. Сәтқалиев Парламент Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, бұл зауытта жылына 10 млн тоннаға дейін мұнай өңделеді.
Бұған дейін төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы неге 2030 жылға шегерілгенін жазған едік.