Жаңа оқу жылынан бастап студенттер қанша шәкіртақы алады

Қаулыға сәйкес, студенттердің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясы мына мөлшерде бекітілді:
- даярлаудың педагогикалық бағыттары және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;
- педагогикалық бағыт бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
- «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
интерндерге – 75 890 теңге;
магистранттарға – 97 024 теңге.
- «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында білім алатын магистранттарға – 181 250 теңге;
докторанттарға – 217 500 теңге.
- даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша докторанттарға – 217 500 теңге;
- даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге.
- мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлықақысының деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендияның мөлшерінен төмен емес.
- техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге.
- техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттердің мемлекеттік стипендиясы – 31 422 теңге.
Премьер-Министр қол қойған Үкімет қаулысы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.